12.09.2022
16:20
1887
Қазақстанда шілде айында 93 мың автокөлік тіркелді

Қазақстанда шілде айында 93 мың автокөлік тіркелді

2022 жылғы шілдеде есепке 93 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық көрсеткіш, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 8,9%-ға, жүк автомобильдері – 10,1%-ға, автобустар – 8,7%-ға артты. Бұл туралы Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мың бірлікті құрады, оның 87,7%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 1,9%-ы  автобустар.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 7 862 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 11 584 адам зардап шекті. 2021 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаттары 9,4%-ға ұлғайды.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 27,6 млрд теңге сомасына 54 408 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.