Қазақстанда ревакцинациядан 5,1 млн адам өтті

5 Тамыз 2022, 10:25 847

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігі хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан және ревакцинациядан өткенін мәлім етті,– деп хабарлайды El.kz.

5 тамызға дейін Қазақстанда вакциналардың I компонентімен 10 795 666 адам егілді. II компонентті 10 528 944 адам салдырды.

Ревакцинациядан 5 104 446 адам өтті.

Вакцина салу қарқыны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында келеді. Онда 1 291 492 адам вакцинаның екі дозасын қабылдады.

Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр – 1 188 185 адам. Үшінші орында Алматы облысы – 1 134 715 адам.

Бөлісу: