ҚАЗАҚСТАНДА ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ «АРЫС БАЛАЛАРЫНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

28 Маусым 2019, 10:07 3098

28 маусым күні сағат 11.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық өңірдегі Достық үйі негізінде Аналар кеңесінің «Арыс балаларына» республикалық акциясы өтеді.

Іс-шара зардап шеккен балаларға киімдер, тазалық заттары, ойыншық, мектеп құралдары, канцелярлық заттар жинау үшін қайырымдылық көмек көрсету мақсатында өтеді.

Акция барысында ҚХА кеңесі Қазақстан халқына үндеу жариялап, меценаттар мен бизнес-қауымдастық өкілдеріне елді мекендегі үйлерді, бала-бақша, мектептерді қалпына келтіріп, жаңа оқу жылына балаларды дайындауға қол ұшын созуды сұрайды.

Соңынан Арыс қаласының балаларына тілек-хат жолданады.

Шараға ҚХА Аналар кеңесінің активі мен ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктер басшылары, ҚХА қоғамдық құрылымдары қатысады деп күтілуде.

Бөлісу: