Қазақстанда дизель отынын сатуды есепке алатын жүйе іске қосылды

27 Қыркүйек 2022, 19:25 1341

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алатын ақпараттық жүйесі базасында сараланған бағалар (өңірге байланысты литріне 230-260 теңге) бойынша дизель отынын сату үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды. Бұл туралы El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дизель отынын сату кезінде жүргізушілердің ұсынылған құжаттары Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасында тексеруден өтеді. Сатып алғаннан кейін бір мезгілде автокөлік иесіне және сақтандыру полисінде бар тұлғаларға 1414 қысқа нөмірінен отын сатып алу көлемі туралы ақпарат және бірегей кодты тағайындаумен лимит қалдығы туралы хабарлама келіп түседі, ол бойынша кейіннен сатып алудың барлық процесін бақылауға болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап АЖҚС-та жүйеге қосылу үшін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырудың болмауына, көлік құралдарында қайта жабдықтау үшін тиісті рұқсаттың болмауына байланысты құқық бұзушылықтар анықталғанын атап өтеміз, сондай-ақ басқа көлік құралына тиесілі құжаттарды ұсына отырып, көлікке жанармай құю әрекетімен заңсыз іс-әрекеттер тіркелген.

Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл салу немесе белгілі бір мерзімге лимиттер беруді тоқтата тұру арқылы шаралар пысықталуда.

Бөлісу: