- Сән-салтанат нысандары — белгілі бір жоғары құнға, кейде тіпті, инвестициялық құнға ие нысандар. Олардың бағасына байланысты градация жүргізіледі. Мәселен, яхталар, спорттық көліктер, шетелдегі виллалар, жеке ұшақтар, - дейді Әлібек Қуантыров.
Ол дәл осыларға сән-салтанат салығы салынатын болады деп айтты. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында "сән-салтанатқа салық" енгізуді тапсырған болатын.