Қазақстанда 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж

22 Қыркүйек 2022, 16:51 1781

Еліміздің трансплантологиялық қызметін дамыту бағытында маңызды шешімдер қабылданбақ

Қазақстанда алғаш рет бала бүйрегін ауыстыру операциясы жасалғанына және де алғашқы донорлық жүрек трансплантациясына 10 жыл толуына байланысты Астанада Халықаралық конференция өткізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Ағза ауыстыруды қажет ететін қазақстандықтардың саны бүгінде 3 566-ға жетті.

Оның 3 200-і  бүйрек, 121 пациент жүрек донорына зәру. Оған қоса, бүгінде балалардың жағдайы қиындап тұр. Миллионнан 17 бала транплантологиялық отаны қажет етеді. Бұл көрсеткіш бірнеше жыл бұрын төмен болған. Донорлық ағзаның жетіспеушілігінен жылына кем дегенге 300 адам көз жұмады.

«Transplantation in Central Asia: Innovation, Cooperation, Compassion»  Халықаралық конференциясына 20-дан аса алыс және таяу шетелден, 50-ден аса қазақстандық танымал баяндамашылар қатысып жатыр. Олар қазіргі трансплантологиялық медицинаның жеткен жетістіктері болса да, шешілмеген мәселелердің бірқатарын талқылап, алға дамыту процесін жоғарылату мақсатында түйткілді шешімдер қабылдамақ.

«Баланың бүйрегін ауыстыру қажеттілігі туындағанда көп жағдайда донор ретінде ата-анасы қарастырылады.  Кейде сараптамалары сәйкес келмейтін жағдайлар да орын алады. Бұл жағдайда халыққа үндеу ретінде жеткізеріміз бар. Дені сау азамат пен азаматшаны ағзасынан айырғаннан гөрі, бұл дүниеден өткен, дегенмен де әлі де бір жанның жанын сақтап қалатын жағдайдағы пациент донор болса қоғам денсаулығы екі есе мықты болар еді» - дейді, «University Medical Center» корпоративтік қорының медициналық директордың орынбасары, Шолпан Алтынова.

eGov.kz порталында трансплантация үшін тіндерді немесе мүшелерді сыйға тартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет қол жетімді. Келісімді тіркеген жағдайда, пайдаланушылардың транспланттау мақсатында белгілі бір органдарды таңдау мүмкіндігі бар.


Айым Даниярқызы
Бөлісу: