09.08.2022
11:10
1203
Қазақстанда 120 жоғары оқу орны бар

Қазақстанда 120 жоғары оқу орны бар

Ғылым және жоғары білім министрі Үкімет отырысында жоғары білім беру саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz

«2021-2022 оқу жылы контингентінің жалпы саны 623 839 адам. Барлығы — 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрайды. Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды», - деді министр.  

Студенттердің стипендиясы артып келеді.

««Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш — екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП – 200 қатарына кіруі», - деп атап өтті С. Нұрбек. 

Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді.

Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.