Каспий құбыр консорциумы Қашағандағы мұнай өндірудің тоқтауына және Теңіз мұнай кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қара алтынды жөнелту көлемін азайтты, деп хабарлайды El.kz.
– Каспий құбыр консорциумының бас учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кен орнынан мұнай өндіру көлемі төмендетілген деңгейде жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтады. Аталған факторлар Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болып отыр, - делінген Каспий құбыр консорциумы таратқан хабарламада.
Консорциум мәліметінше, компания акционерлері мен мұнай тасымалдаушыларға аталған жағдай туралы мәлімет беріліп, алдын ала ескертілген.