Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Сауд Арабиясының әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазизге ресми делегациялардың мүшелері таныстырылды.
Содан кейін Президент пен Тақ мұрагері келіссөз жүргізді.