Қазақстан Президенті Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты

21 Шілде 2022, 16:00 1556

Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды

Президент Қырғыз еліне сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, – деп хабарлайды El.kz порталы Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды. Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000.

Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.

Бөлісу: