Қазақстан мен Ресей арасында екі жаңа әуе рейсі ашылады

12 Шілде 2022, 14:47

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті

Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Ресей арасында екі жаңа тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін қарастырды, деп хабарлайды El.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ресейлік «Red Wings» әуекомпаниясы 17 шілдеден бастап Алматы – Челябинск бағыты бойынша жексенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен, сондай-ақ 22 шілдеден бастап Ақтөбе − Жуковский бағыты бойынша жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады. Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн», - делінген комитет хабарламасында.

Билеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан алуға болады.

Бөлісу: