Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

17 Шілде 2022, 01:25 2670

Энергия класы 11.0 жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстан мен Қытай шекарасында сенбі күні сағат 17:30-да магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады  El.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

– Зайсан қаласы мен Күршім ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) жер асты дүмпулері 2 баллға дейін сезілді, – делінген ақпаратта.

Энергия класы 11.0 жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары солтүстік ендік 47,27 градус, шығыс бойлық 85,74 градус.

Бөлісу: