Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жолдауға байланысты бейнероликтер түсірілді!

22 Желтоқсан 2014, 13:33

El.kz интернет жобасы жаңа 8 бейнеролик ұсынады!

El.kz интернет жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ, Елбасының биылғы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қатысты 8 бейнеролик түсіріп, назарларыңызға ұсынады. 

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Осыған байланысты Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамлеясының жылы деп жариялады.

Елімізде әртүрлі ұлт өкілдерінің бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, ел болашағы үшін барлығы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жымдасып өмір сүріп жатқаны ең біріншіден Қазақстан халқы Ассамблеясы тығыз байланысты. Осыған байланысты El.kz сайты сіздердің назарларыңызға Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты арнайы бейнероликтер түсіріп, ұсынып отыр.

Елбасының биылғы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселер қозғалып, Қазақстан халқының болашақтағы бағдары көрсетілген болатын.  Президент Жолдауында алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, жаңа экономикалық саясатты жариялады. Осы ретте Елбасы Жолдауын халыққа кеңінен насихаттау үшін El.kz сайты арнайы видеороликтер түсіріп, назарларыңызға ұсынады. 

Бөлісу: