Қазақстан инвесторлар құқығын қорғау міндетін орындайды – Мемлекет басшысы

17 Маусым 2022, 21:52 1273

Қазақстан инвестициялық бағытта дәстүрлі серіктестерінің алдында өзінің барлық міндеттерін толыққанды орындайды. Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды El.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елді ауқымды жаңғырту аясында экономикада монополиясыз және сыбайлас жемқорлықсыз жаңа ойын тәртібін құру қадамдары жүріп жатқанын атап өтті. Осы орайда Президент бірінші кезектегі міндет инвесторлар құқығын, тұрақтылықты барынша қорғау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау мен бизнес-климатты жақсарту болып отырғанын айтты.

– Біздің дәстүрлі серіктестеріміздің алдында өзіміздің барлық міндеттерімізді толыққанды орындайтын боламыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы елдердің орнықты дамуы үшін ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейту, экономикамыздың өсіміне жол ашу қажет деп санайды. Осы ретте Президент аса маңызды міндетті, яғни халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті естен шығармау керек екенін айтты.

Бөлісу: