Қазақстан елшілігі Ресейде оқитын студенттерге үндеу жасады

16 Шілде 2022, 22:23 2679

Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек.

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек, деп хабарлады El.kz елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуге тиіс. 

Бөлісу: