14.06.2022
16:50
1919
Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуы тиіс», делінген қаулыда.

Ал Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі.