Қазақстан АЭС салуға әлеуетті жеткізушілерді анықтады

27 Маусым 2022, 14:31 1121

Жаһандық жеткізушілердің екеуінің аз қуатты реакторларды салу және пайдалану бойынша әлемдік тәжірибиесі жоқ

Қазақстан атом электр станцияларын салуға әлеуметті жеткізушілерді анықтады, – деп хабарлайды El.kz порталы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ министрлікпен және мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып, бұрын ұсынылған ұсыныстар негізінде 6 жаһандық жеткізушінің технологияларын қарастырды. Олардың ішінде америкалық (NuScale Power), америка-жапондық (GE-Hitachi), корейлік (KHNP), қытайлық (KHNP) , ресейлік (Росатом) және француздық (EDF) компаниялары бар.

– NuScale Power және GE-Hitachi ұсынған аз қуатты реакторларды салу және пайдалану бойынша әлемдік тәжірибесі жоқ. Бұл технология келешекте атом энергетикасын кейінгі дамытудың перспективалық бағыты ретінде қарастырылады, – деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.

Сонымен қатар Қазақстандағы бірінші атом электр станциясы үшін пайдалану тәжірибесі бар, уақыт сынынан өткен үлкен, қуатты реакторлық технологиялары бар 4 жеткізушінің қысқа тізімі жасалды.

Бөлісу: