04.08.2022
09:05
2032
Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында бірінші рет жеңіліс тапты

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында бірінші рет жеңіліс тапты

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Әзербайжанға есе жіберді. Бұл - қазақстандық шахматшылардың аталған сайыстағы алғашқы жеңілісі, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Спорт Шредингера» тelegram -каналының хабарлауынша, әйелдер құрамасы Әзербайжан командасынан 1:3 есебімен ұтылған. Ал, Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қарсыластарымен тең түссе, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нахбаева жеңіліс тапты.

Осылайша, әйелдер құрамасының еншісінде 4 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Бұл көрсеткішпен қазақстандық команда Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының турнир кестесінде 6-орыннан 14-орынға сырғыды. Ертең - спротшылар үшін демалыс күні. Кейін 5 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнаммен ойнайды.