Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды

4 Қазан 2022, 10:19 1045

Алматыда  Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтті. Онда Қазақстан «Жыл мемлекеті» деп танылды, деп хабарлайды El.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан 450-ден астам адам қатысты. Red Jolbors аясында білім беру бағдарламасы ұйымдастырылып, үздік коммуникациялық және жарнама шешімдері байқауы өтеді.

Байқауға Орталық Азия мен Әзірбайжаннан 360-тан астам жұмыс ұсынылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды. Бұл атақ халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған елге беріледі. Әзірбайжанның Endorphin компаниясы «Жылдың ең үздік агенттігі» деп танылды. Қазақстан атынан қатысқандарға  50, Өзбекстанға 24, Әзірбайжанға 13 марапат табысталды.

Бөлісу: