Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

28 Тамыз 2022, 02:20 1412

Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

30 тамыз - Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

– Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп ескертеді комитеттен.




Бөлісу: