Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігінің филиалының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған «Әткән чай Fest» іс-шарасы өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Нұрымов, Алматы қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н. Балғымбаев, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және Алматы қалалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері қатысты.
Шара барысында қатысушылар барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт пен белгілі қазақстандық суретшілердің жұмыстары, қөл өнер және ұлттық киімдер көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мерекелік шараға қатысушылар ұйғырлардың ұлттық сусыны «әткән шәй» (тұзды шай) дайындаудың қыр-сырын үйрететін шеберлік сыныптар ұйымдастырылып, мерекелік дастарханнан дәм татты.
Оқи отырыңыз: