25.08.2022
11:40
1730
Қазақстан таэквондодан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан таэквондодан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Кадеттер арасындағы таэквондодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Вьетнамдағы Хошимин қаласында өтіп жатқан турнирде Мырзағали Сұрановтың шәкірттері үш алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

І орын-Нұрперзент Саматұлы, 33 келі

І орын-Дастан Нәжімханов, 49 келі

І орын-Ярина Пуганцова, 29 келі

ІІ орын - Нұрай Амангелді, 37 келі

ІІ орын-Дарын Зейнеш, 57келі

ІІ орын-Теміржан Тасқын, 41 келі

ІІІ орын-Жұмабек Нұрайым, 44 келі

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан кадеттер арасындағы Азия біріншілігіне 20 таэквондошы аттанды.