19.09.2022
22:49
2153
Қазақстан-Ресей шекарасын демаркациялау мәселесі талқыланды

Қазақстан-Ресей шекарасын демаркациялау мәселесі талқыланды

Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды EL.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарау мен бекітуді жалғастырды. 2022 жылы атқарылған далалық демаркациялық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылады, сондай-ақ алдағы жылы далалық және камералдық жұмыстардың жоспарларын талқылады - делінген хабарламада.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.