Қазақстан президенті әскери доктринаға өзгеріс енгізді

15 Қазан 2022, 19:29 1573

Құжат 2022 жылдың 12 қазанында жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әскери доктринасына өзгерістер енгізетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz.

Құжат 2022 жылдың 12 қазанында жарияланды.

- Әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қарсы тұратын мемлекетті немесе өңір мемлекеттерін "қару-жарақ бәсекесіне" тарту, қарулы қарсы күресте олардың ресурстары мен мүмкіндіктерін сарқылту үшін әскери күш көрсету жүзеге асырылуы мүмкін.

- Әскери жанжал басталғанға дейін және қарулы күрес барысында мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер ету (кибершабуыл) жүзеге асырылуы мүмкін.

- Әлемдік аренада мемлекет айналасында теріс ахуалды қалыптастыру мақсатында ақпараттық кеңістікте күшейтілген әсер ету жүргізілуі мүмкін.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады. 


Бөлісу: