Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі католик дінінің шаңырағына айналып отыр – Президент

13 Қыркүйек 2022, 20:54 2237

Ақордада Тоқаев пен Рим папасының кездесуі өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасымен кездесті, деп хабарлайды El.kz.

«Бүгін шын мәнінде еліміз үшін тарихи күн. Рим папасы Франциск Қазақстанға алғаш рет іс сапармен келді. Осы ретте менің шақыруымды қабыл алғаны үшін мәртебелі мейманымызға өз алғысымды білдіремін. Биыл Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толды. Рим папасының сапары осы мерейлі мереке тұспа-тұс келіп отыр. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Себебі бүгінгі кездейсоқ түрлі саладағы ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтереді. Мен бұған кәміл сенемін»,- деді президент.

Бұл бас қосуға еліміздің жоғары лауазымды тұлғалары, көрнекті дін басылар, азаматтық қоғам және дипломатиялық өкілдер жиналды.

«Қазіргі жағдайдағы геосаяси шиеленістер күшейіп, жаһандық экономика зардап шегіп, діни және этностық төзімсіздік өршіп тұрған кезде дәл осындай маңызды сәтте сіз бізге келіп отырсыз. Қазір исламафобия мен антисемитизмнің жағымсыз құбылыстары көптеген мемлекеттердің халықаралық және әшкі саясатын жалғастырып келе жатыр. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі католик дінінің шаңырағына айналып отыр»,- деді президент.


Миражан Махан
Бөлісу: