Қазақстан мен Өзбекстан туризмді дамыту үшін трансшекаралық жоба дайындайды

5 Қазан 2022, 15:23 1966

Жоба екі ел арасындағы туристік ағымның өсуіне оң әсер етеді

Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен туристік компанияларының қатысуымен «Табаррук Зиёрат» пилоттық жобасын іске асыруға арналған Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде форум өтті, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Табаррук- Зиёрат» — Қазақстан мен Өзбекстандағы Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени орталықтарды: Түркістан-Самарқанд-Ташкент біріктіретін қажылық туризмі бойынша трансшекаралық туристік жоба.

Туроператорлардың қатысуымен Өзбекстанмен бірлесіп ілгерілетілетін трансшекаралық тур әзірленеді деп күтілуде.

Форумда шекараларды кесіп өту, туристік өнімді бірлесіп ілгерілету, туристік нысандарда саяхатшылар үшін тиісті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.

«Табаррук Зиёрат» пилоттық жобасының іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ағымның өсуіне оң әсер етеді, сондай - ақ ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ғана емес, ең бастысы түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын біріктіретін бірегей туристік өнімге айналады», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша жобаны іске асыру үшін бірлескен іс-қимыл жоспары қолға алынды. Оған жақын арада қол қойылады.

Бөлісу: