Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелі пайда болуы мүмкін

15 Қыркүйек 2022, 05:42 1703

Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу мәселесі белсенді талқылануда.

Бұл туралы ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

Ол қытай басшысының республикамызға жасаған сапарының тарихи маңыздылығына баға берді

"Бұл - ҚХР төрағасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары. Бұл - ҚКП-ның XX-шы Бүкілқытайлық съезі және ҚР-дағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында өткен сапар. Алдағы сапарға да айырықша назар аударылып отыр. Кездесуде елдер арасындағы 30 жылдық қарым-қатынастың қорытындысы шығарылып, жаңа кезеңдегі даму бағыттары айқындалды", - Шахрат Нұрышев.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің транзиттік-көліктік бағыттарын одан әрі әртараптандыруға және интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізуге, оның ішінде Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделілігін білдірді.

"Атап айтқанда, біз Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу мәселесін белсенді талқылаудамыз. Біз оны Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің жылдам қозғалысына ықпал етеді деп санаймыз", - деді ол.

Сондай-ақ екі елдің аумағында мәдени орталықтар ашу мәселесі талқыланды. Елші оның екіжақты достықты нығайту үшін гуманитарлық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.
Бөлісу: