#ИзучайЭтноМедиа – Ресей Федерациясының Омбы қаласында өткен халықаралық форумның атауы дәл осындай. Форумды өткізудің басты мақсаты – Ресей мен Қазақстанның жастар ұйымдары өкілдерінің тәжірибе алмасуы үшін диалог алаңын ұйымдастыру.
Форумның барлық қонақтары «Аврора» қонақ үй кешенінде орналастырылды. Себебі Форумның барлық шаралары дәл осы жерде өтті. Бірінші күні, салтанатты ашылу аясында қатысушыларды Омск қаласы әкімшілігінің қоғамдық қатынастар және әлеуметтік саясат мәселелері бойынша Омбы облысының Үкіметі төрағасының орынбасары Михаил Каракоз, сондай-ақ, ұйымдастырушылардың бірі - «МЫ – РОССИЯНЕ» Ресей халықтарының Жастар Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы аймақтық бөлімшесі кеңесінің төрағасы Ермек Хапизов қарсы алды.
Форумға құрметті қонақ ретінде «МЫ – РОССИЯНЕ» Ресей халықтарының Жастар Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының төрайымы Дина Громатикополо, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары Тимур Жұмурбаев қатысты.
Форум бағдарламасы өте мазмұнды болды. Екі күн ішінде қатысушылар үшін панельдік сессиялар, диалогтық алаңдар, дөңгелек үстелдер, презентациялар, тренинг-сессиялар, зияткерлік ойындар мен экскурсиялар ұйымдастырылды.
Пленарлық сессиялар форумның барлық қатысушыларына өз өңірлеріндегі жастар құрылымдарының жұмысы туралы айтып беру мүмкіндігін ұсынды. Форумға қатысушылар Омбы, Томск, Иркутск, Алтай республикасы жастар ұйымдарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының қызметімен танысты. «Жанды диалог» аясында спикерлер жастармен жұмысты ұйымдастырудағы трендтер, қызықты жобалар, іс-шаралардың жаңа форматтары туралы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар топ құру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өзін тану бойынша тренинг-сессиялар әзірледі. Әлеуметтік және стартап-жобаларды дұрыс жазу, түрлі ұрпақ өкілдерімен тиімді өзара іс-қимылды құру, іс-шараларды жариялау туралы кеңінен ақпарат алды.
Форумның барлық қатысушыларына үлестірмелі материал – ыңғайлы рюкзак, форум атауы бар күрте, блокноттар мен қаламдар ұсынылып, шара соңында сертификаттар табысталды.