Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

25 Тамыз 2022, 18:52 849

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.

Сондай-ақ, мемлекет басшыларының жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері қарастырылды.

Бөлісу: