Қазақстан мен Португалия Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі

20 Тамыз 2022, 06:28 1996

Біріккен Ұлттар Ұйымын тірек еткен халықаралық ұйымдар шеңберінде, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінде мемлекеттеріміздің өзара қолдау тәжірибесі мол. 

Биыл Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды EL.KZ.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, үш онжылдық бойы мемлекеттеріміз екі ел халықтарын біріктіретін достыққа негізделген қарым-қатынастарды дамытып, тереңдете түсті. 

Біз өркендеп келетін әрі екі елдің дамуындағы үлесі айтарлықтай әсерлі қазақ қауымының Португалиядағы сәтті интеграциясын ризашылықпен атап өтеміз. Қазақстан мен Португалия 2022 жылды COVID-19 індетінен кейінгі саяси, дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалпына келген кезеңі деп есептейді. Бұл Нұр-Сұлтан мен Лиссабондағы елшіліктер елшілер деңгейінде басқарылып отырған алғашқы жыл, сондай-ақ өзара сауда-саттық көлемі пандемия індетіне дейінгі деңгейге жақындай түскен кезең. Тараптар саяси саладағы екіжақты ынтымақтастық деңгейін арттыру мақсатында, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар мен саяси консультацияларды ұйымдастыру арқылы тығыз ықпалдастықты жалғастырып келеді - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастық пен достық тек екіжақты қарым-қатынастармен ғана шектелмейді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымын тірек еткен халықаралық ұйымдар шеңберінде, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінде мемлекеттеріміздің өзара қолдау тәжірибесі мол. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер ретінде бірлескен қызметін де атап өткен абзал. ЕҚЫҰ-ның екі маңызды лауазымын біздің азаматтарымыз – Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахманов және БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл Тереза Рибейро атқарып келеді. Бүгін атап өтілетін оқиға тек мерекелеуге ғана себеп болмай, халықтарымыздың игілігі мен елдеріміздің гүлденуі жолындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты және көпжақты күн тәртібін кеңейту мен тереңдетудегі өзара бейілділігімізді айқындайтын орайлы сәт деп білеміз - деді дипломаттар.


EL.KZ
Бөлісу: