25.08.2022
08:03
1760
Қазақстан мен Үндістан қорғаныс мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Үндістан қорғаныс мәселелерін талқылады

Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Раджнатх Сингхтің екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды EL.KZ.

Министрлік баспасөзінің мәліметіне қарағанда, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.