24.09.2022
09:34
1332
Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

Халықаралық хоккей федерациясына 2027 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын өткізуге Германия, Қазақстан және Норвегия сияқты үш елден өтініш берді, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанда дүниежүзілік спорттық шара өткізуге лайық "Барыс Арена" және "Алматы Арена" секілді екі ірі нысан бар.

Әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдер алдағы айларда егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуі керек. Жоспарды дайындап болған соң оны Халықаралық хоккей федерациясына ұсынады.

Жеңімпаз елдің аты 2023 жылы Финляндияда федерацияның жыл сайынғы конгресінде жарияланады.