Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу

3 Мамыр 2018, 11:16 1772

2018 жылдың 1 мамыры күні Өскемен қаласының орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі тойланды.

Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруда әсері зор. Әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді. Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы - ырысы, байлығы - берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов орталық алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын «Бірлік күні» мерекесімен құттықтады.

Іс-шара мерекелік концертпен ұласты.

Бөлісу: