«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржыландыратын білім гранттарын 771 талапкер алды, деп хабарлайды El.kz қордың сайтына сілтеме жасап.
««Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім беру гранттары қайырымдылық бағдарламасы аясында гранттарды бөлу жөніндегі тәуелсіз комиссия жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдерінде білім алатын 771 студенттің өтінімін мақұлдады. Сонымен қатар бөлінбеген гранттарды және студенттердің өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы көптеген өтінішін ескере отырып, «Қазақстан халқына» қоры қосымша байқау жариялау туралы шешім қабылдады. Байқау 2022 жылдың 8-20 қыркүйегі аралығында жүргізіледі», - делінген қордың ресми сайтында.