Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды

3 Желтоқсан 2018, 09:03 1663

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл қазақ халқының тарихи таңдау жасаған күні - өзінің бүкілхалықтық көшбасшысын сайлаған күн. Елбасы, тәуелсіз және мықты мемлекет құру мақсатында барша халықты біріктірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл мейрам ерекше маңызға ие. Ассамблеяны алғашқы құрылған күнінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елбасының жеке қатысуының арқасында Ассамблея халық өкілдігінің нақты институтына айналды, барлық ұлт пен ұлысты жалпы халықтық мақсаттарға бағыттай отырып,  Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктірді.

Бүгінгі таңда біз болашағымыздың негізі – білімді, білікті әрі жауапты адамдардың қоғамын құрудамыз.

Оның іргетасы – Мемлекет басшысының сананы әлеуметтік, қоғамдық және тарихи жаңғырту жөніндегі бағдарламаларын табысты іске асыру.

Халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын арттыру мақсатында кешенді шаралар қабылданды, азаматтық бірегейліктің рухани үштігі - өткенін мақтан тұту, бүгінгіні бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту қалыптасты.

Бүгінгі күні барша халық Президенттің жаңа міндеттері төңірегінде жұдырықтай жұмылып топтасты, себебі олар біздің жарасымды болашағымыздың кепілі.

Қадірлі отандастар!

Ұлы Даланың халқы үшін Тұңғыш Президент күні - бұл жеңістердің жолы, тиімді мемлекеттік саясаттың символы мен көрінісі, қауіпсіздік пен амандықтың нышаны.   

Сондықтан, біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы - бірлігі мен ынтымағы жарасқан елімізге мемлекет қайраткері, халқымыздың біртуар ұлы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор таланты мен даналығы қажымай қызмет етуін тілейміз.

Денсаулықтарыңыз мықты, табыстарыңыз мол болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Бөлісу: