Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,3%-ті құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz
«Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағыжоғары өсу, қызмет көрсету секторындағы өсіудің жеделдеуі, оң сауда балансының сақталуы байқалуда. Нақты сектордағы өсім 3,4%-ті құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,5%-ке дейін ұлғайды. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім көрсетуде», - дейді министр.
Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 4,5%-ке дейін жеделдеуі байқалады.
«Инвестициялар мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 99,2%-ке, білім беруде – 74,8%-ке, саудада – 26,4%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 19,9%-ке, қаржы және сақтандыру қызметінде – 17,3%-ке, құрылыс саласында – 14,8%-ке өсті», - дейді министр.