Қазақстан – біздің ортақ үйіміз

2 Наурыз 2018, 03:15 3255

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Тұрдыева Мухаббат Абдрахманқызының жетекшілігімен «М.Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Алғыс айту күніне орай  «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік іс-шара және «Қамқор» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция КММ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» «Балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп» және «Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемелерінде өтті. Акцияға ҚХА-ң мүшелері, мекеме мұғалімдері, оқушылары , студенттері және БАҚ қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн этносаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, жалпыхалықтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім» деп атап көрсеткені тегін емес.

Алғыс айту күні–біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі, әр алуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Ұйғыр ЭМБ-ң жетекшісі М.Тұрдыева жүрекжарды лебізін білдіріп қатысушыларды құттықтау сөзінен бастады:

– Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президентіміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты  халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

Іс-шара «Гунча» би тобының биімен жалғасып, ұйымдастырушының тарапынан конфеттер мен дәмді тоқаштар таратылуынан аяқталды.

 

Бөлісу: