Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған

16 Қыркүйек 2022, 16:23 1375

Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.

Түркияға бет алған Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған. Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды.

Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Бөлісу: