04.10.2022
15:59
2575
Қазақстан аумағында 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан аумағында 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.

Жерасты дүмпуі 4 қазан күні Алматы уақытымен сағат 12 сағат 31 минутта болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 587 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.