Қазақстан Ауғанстандағы террористік актіні айыптады

5 Қыркүйек 2022, 20:02 1761

Қазақстан тарапы халықаралық қоғамдастықтың терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайды

ҚР Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 5 қыркүйекте Кабул қаласындағы Ресей Федерациясының Елшілігі ғимаратының жанында болған және ресейлік дипломаттарының өмірін қиған террористік актіні қатаң айыптады, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауған тарапы оқиғаға мұқият тергеу жүргізу және кінәлілерді заңға сәйкес қатаң жазалау, сондай-ақ Ауғанстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен шетелдік азаматтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау қажет деп санаймыз. Қазақстан тарапы халықаралық қоғамдастықтың терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайды және дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық көрінісін өрескел деп санайды.Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.», - делінген СІМ мәлімдемесінде.

Бөлісу: