Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды El.kz
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.
Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.