14.10.2022
10:51
1875
Қазақстанға Түрікменстан президенті келді

Қазақстанға Түрікменстан президенті келді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.