Қазақ тіліндегі қызметтерді жетілдіру жұмысын жүргізіп жатырмыз – Мусин

22 Маусым 2022, 13:33 1041

Электронды үкімет порталының дизайны өзгереді.

Электронды үкімет порталының дизайнын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісінде министрге eGov.kz порталының дизайнын өзгерту мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойылған болатын.

– Әрине, ол өзгеріп жатыр. Порталды түсініксіз деп айтуға болмайды. Бүгінде оның 10 млн-нан аса қолданушысы бар. Бірақ оны түсінікті ету үшін күнделікті жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы жұмыс топтары бар, - деді Б. Мусин.

Сонымен қатар қатар министрден веб-порталдың пайдаланушылар үшін қаншалықты қолайлы екені сұралды.

– Менің ойымша, (eGov.kz) түсініксіз болса, бүгінде 10 млн-нан аса халық қалай пайдаланып жүр. Олар біздің жүйеге кіріп, цифрлық құжаттарды пайдаланады және тағы басқа қызмет түрлерін алады. Мен сізге статистиканы алып берейін. Бірақ eGov.kz адамдарға қолайлы болуы үшін оның дизайнын өзгертеміз және қазақ тіліндегі қызметтерді жетілдіру жұмысын жүргізіп жатырмыз, – деді ведомство басшысы.

Бөлісу: