Қазақ спортшыларының бір аптада жеткен жетістігі

18 Шілде 2022, 22:04 3578

Мағжан Шамшадин Загребте өткен Grand Slam сериясындағы турнирдің алтын медалін жеңіп алды.

11-17 шілде аралығында отандастарымыз көптеген марапатқа ие болды, деп хабарлайды EL.KZ Мәдениет және спорт минимтрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік ойындар-2022

17 шілдеде Бирмингемде (Алабама штаты, АҚШ) XI 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 3500-ден астам атлет спорттың 34 түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салды. Қазақстан құрамасы спорттың 8 түрінен 16 спортшымен қатысты.

Атап айтқанда Софья Берульцева каратеден чемпион атанды; Галина Дуванова джиу-джитсудан екінші орын алды; Алмаз Сарсембеков – муай-тай бойынша күміс жүлдегер; Даниель Диль және Вадим Шуляр спорттық акробатикадан қола медаль жеңіп алды.

Дзюдо

Мағжан Шамшадин Загребте өткен Grand Slam сериясындағы турнирдің алтын медалін жеңіп алды.

Теннис

Александр Бублик АҚШ-та өткен ATP-250 турнирінің финалисі атанды.

Пара пауэрлифтингтен Парапан (АҚШ) ашық чемпионаты.

Кәрібай Ерболат 2 алтын мен 2 күміс, Максим Тен – 2 алтын медаль алды.

Сондай-ақ, Қазақстанның жас теннисшілері Европадағы үш турнирдің жеңімпазы атанды.

Ариана Гогулина мен Сатима Төреген Франциядағы La Balle Mimosa Loire-Atlantique турнирінде жеңіске жетті. Осы жарыста Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков те жеңімпаз деп танылды.

Аңсар Ниетқалиев жұптық сында Гданськтегі (Польша) турнирде жеңімпаз атанды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Жеңіс биігінен көріне беріңіздер!

EL.KZ
Бөлісу: