Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Табын руы

29 Желтоқсан 2015, 09:29

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Табын руы

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Табын руы.

Табын руының ұраны — Сәрке.

Табын руы кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Табын моңғол тілінен «бес» деп аударылады.  Бірақ түркі тілдерінен қарастырғанда «табын, табыну» - «қызмет жасау», «бас ию», «ғибадат қылу» деген ұғымдарды білдіреді.

Тaбын — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтобе облысында, Маңғыстау өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады.Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар. Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Кіші жүзде табындарды « Ноқта ағасы»деп төрелерден соң екінші дәрежелі санап төрге отырғызған. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жерін жайлаған, көп бөлігі аштық кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы тарақтылар. Шығу тегі Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегіаз халықты Жетіруды алшындарға(бұрыңғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүзқұрған. Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысхандыақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен. Көнетүркі тілінде қазіргі Тибетжері Тобот, Тобон, Табын деп аталған. 


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу: