27.10.2023
10:44
6418
Айжұлдыз Адайбекованың туған күнін атап өтуге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды

Айжұлдыз Адайбекованың туған күнін атап өтуге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды

Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова туған күнін дүркіретіп өткізді. Өнер иесі «Revue news-қа» берген сұхбатында керемет кешті атап өту үшін 10 мың доллар құртқанын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Актрисаның қуанышын бөлісуге танымал әншілер, блогерлер, актрисалар, сондай-ақ жақын достары келді.

Қателеспесем, туған күннің ақшасы 5 миллионға шықты. Ақша қайтып келеді, бірақ мұндай сәттер ешқашан қайтып келмейді. Сыйлыққа брендтік заттар көп алдым, - деді актриса.

Дизайнер қыз өзінің болашақта сүйіктісіне қосылғанын қалайды.

Жаңа жасымнан жаңа биіктіктерді, жақсы нәтижелерді, бақытты болуымды, жақсы көретін адамыммен қосылуымды тілеймін, - деді ол.