Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады

4 Қараша, 15:04 1391

Қазақстандық актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова өзінің сүйіктісі, экстрим-блогер Сәкен Қағаровтың үйлену туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған. Ал ерекше сәттің суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. Онда Айжұлдыздың эмоциясын көруге болады.

Ол «иә» деп жауап берді, - деді жазбаның астында Сәкен Қағаров.

Жұпты желіде әншілер Мадина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Yenlik, Наzима, Индира Еділбаева, Аша Матай, актерлер Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Дина Тасболатова мен Гүлназ Жоланова, интервьюер Айсәуле Бақытбек пен жүргізуші Анна Данченко құттыған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Saken Kagarov (@saken_kagarov)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: