Айжан Байзақова ата-енемен тұру қаншалықты қиын екенін айтты

27 Қазан, 18:48 550

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова тұрмыстық өмірінің қыр-сырын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айжанның сөзінше, күйеуі Нұрбектің ата-анасымен танысқан күні-ақ оның әкесі бірге тұруды ұсынған.

Сасқанымнан «әрине» деп жауап бердім. Екі жылдан соң біз солардың үйіне көштік. Бірақ менімен өмір сүру қолайлы, негізі мен жайлы адаммын. Нұрбектің ата-анасы өте жайлы адамдар. Бірге тұрып жатқанымызға 11 ай болды, бәрі керемет. Неге екенін білесіздер ме, себебі олар өз ұлын өте жақсы көреді, тиісінше оның таңдауына да құрметпен қарайды. Манипуляция деген жоқ. Маған да олардың көңілінен шығу үшін жалпақтаудың қажеті жоқ, олардың бар сұрайтыны – ұлын жақсы көру. Ол кісілерге алғысым шексіз, шамам келгенше қуантуға тырысамын. Нұрбектің анасы менің не жақсы көретінімді біледі, бір жаққа шыға қалса, міндетте түрде құрт әкеліп береді. Үйде еш қысым жоқ, тек махаббат, – деді Айжан Байзақова.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: