Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медальға ие болды. Отандасымыз Olympic.kz сайтына берген сұқбатында жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Мен бүгінгі жарыста 44 келіде чемпион атандым. Жеке бапкерім мен аға жаттықтырушыларыма көп рақмет. Бүгінгі жарыста бәрі ойдағыдай болды. "Чемпион боламын" деп едім. Нәтижесінде мақсатыма жеттім. Осымен тоқтап қалмаймыз. Жеңістер әлі алда. Ал бүгінгі жарыста ең қиын болған сәт - жартылай финал. Кішкене өзімді қолға ала алмай қалдым. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет, - деді Айым Серікбаева.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.