«Аюсай» визит-орталығына енді шаттлмен жетуге болады

12 Ақпан 2023, 15:55 1274

«Аюсай» визит-орталығына демалыс күндері шаттлмен жетуге болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Аюсай» визит-орталығының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Достар, сіздерге ыңғайлы болу үшін осы демалыс күндерінен бастап біз қаладан «Аюсай» визит-орталығына және кері қарай өз шаттлымызды іске қосамыз! Енді әр сенбі мен жексенбіде, 11 ақпаннан бастап, біздің келушілер Аюсайға жеке көлікпен немесе таксимен ғана емес, сонымен қатар автобус-шаттлмен де жете алады», – делінген хабарламада.

«Аюсай» шаттлы әл-Фараби көшесіндегі Тұңғыш Президент саябағының жанындағы автотұрақтан жүреді.

«Сіз біздің автобусты қоғамдық көлік аялдамасының жанындағы автотұрақтан таба аласыз, онда сәйкестендіру жазуы болады. Шаттл бағыты: Автотұрақ — «Проходная» аялдамасы — «Аюсай» визит орталығы», – делінген

EL.KZ
Бөлісу: